
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредит беру қағидаларын бекітті.
Құжатқа сәйкес:
-
Жарнамада микрокредиттің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде көрсетіледі. Ол өзге мәтіннен кіші қаріппен жазылмауы тиіс.
-
Микроқаржы ұйымдары клиенттермен жұмыс істеу тәртібін белгілеп, құқық пен мүддені қорғау саясатын, өтініш қарау мерзімін, өзара іс-қимыл рәсімдерін анықтауы қажет.
-
Мүгедектігі бар және қозғалысы шектеулі азаматтарға қызмет көрсету ұлттық стандарттарға сәйкес 2026 жылғы 2 шілдеден бастап енгізіледі. Сондай-ақ сенімді тұлға қатысуымен қызмет көрсету ерекшеліктері де қарастырылған.
-
Қызмет бойынша дау туындаған жағдайда, ұйым клиентке сотқа немесе микроқаржы омбудсменге жүгіну құқығы туралы хабарлауы міндетті. Бұл үшін ұйымның мекенжайы, байланыс поштасы мен интернет-ресурсы көрсетіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді.