Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда Nauryz Sale мерекелік акциясы басталады 4

Қазақстанда Nauryz Sale мерекелік акциясы басталады 4

Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында 13-23 наурыз аралығында республикалық Nauryz Sale акциясы өтеді.

Бұл туралы Сауда және интеграция саласының өкілдері хабарлады.

Акцияның басты мақсаты – ішкі сауданы ынталандыру және ел тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік атмосфера қалыптастыру. Осы кезеңде сауда орындары азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға 10%-дан 70%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады.

Жеңілдікке қойылған тауарлар сауда залдарында арнайы “Nauryz” фирмалық безендіруімен белгіленеді. Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар орналастырылады. Бұл сатып алушыларға жеңілдіктегі тауарларды оңай табуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар.

Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Сауда орталықтарында қазақстандық өнімдер ұсынылатын арнайы аймақтар ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10-20 пайызға төмен бағамен сатылатын болады.

Сонымен қатар, елдің ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында келушілер үшін ұлттық нақыштағы фотозоналар мен интерактивті мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылмақ.

Ұқсас материалдар