
Оған еліміздің 643 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 24 мыңға жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
PISA (Programme for International Student Assessment) – 15 жастағы балалардың өмірдегі нақты мәселелерді шешу үшін оқу, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдері мен дағдыларын қолдану қабілеттерін анықтау мақсатында өткізілетін білімалушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама. Оны төртжылда 1 рет Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) өткізеді.
Зерттеу компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. PISA-2025-тің негізгі бағыты - ғылыми сауаттылық, сонымен қатар инновациялық бағыт. 2025 жылы мұндай бағыт «Цифрлық әлемде оқыту» (Learningin the digital World) болады.
Естеріңізге сала кетейік, PISA-2022 нәтижелері бойынша Қазақстан Математика және жаратылыстану пәндері бойынша ТОП-50 елдің қатарына енді. Сондай-ақ, Қазақстанның қалалық және селолық жердегі оқушылары арасындағы білім сапасы алшақтықтығының төмендеуі байқалды.