Қазақстанда шетелдік жоғары білікті мамандар мен инвесторлар үшін арнайы «Алтын виза» енгізіледі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Жаңа бастама елге қажет кадрларды тартуға және көші-қон жүйесін жеңілдетуге бағытталған. Басты өзгерістердің бірі – “бір терезе” қағидатын кеңейтіп, барлық рәсімді цифрландыру.
Бағдарлама аясында:
– жұмысқа рұқсат пен құжат рәсімдеу бір жүйе арқылы жүргізіледі;
– өтініштерді қарау мерзімі қысқарады;
– бюрократиялық рәсімдер азаяды;
– бақылау цифрлық форматқа көшеді.
«Алтын виза» арқылы инвесторлар мен сұранысқа ие мамандар (инженерия, IT, медицина) Қазақстанда тұрақты әрі қолайлы шарттармен жұмыс істей алады.
Сонымен қатар, кәсіби біліктілікті тану процесі де жеңілдетіледі. Кей жағдайларда құжаттарды растау мерзімі бірнеше айдан әлдеқайда қысқа уақытқа қысқармақ.
ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында Қазақстанда 240 мыңнан астам шетелдік тұрақты тұрады. Оның 97,5 мыңы – Ресей азаматтары.





