Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеді

​Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеді

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елдегі туу көрсеткіші туралы мәліметтерді айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы медициналық-демографиялық көрсеткіштер денсаулық сақтау жүйесі қызметінің негізгі көрсеткіштері болып табылатынын атап өтті.

 «2025 жылдың басында халық саны 1,3%-ға артып, 20,3 млн адамды құраса, туу көрсеткішінің 6,2%-ға төмендеуі байқалады», – деді Ақмарал Әлназарова.

Ол сондай-ақ өмір сүру ұзақтығындағы гендерлік айырмашылықты атап өтті. Оның мәліметінше, әйелдер ерлерге қарағанда орта есеппен 8 жылға ұзақ өмір сүреді. 2023 жылы ерлердің өмір сүру ұзақтығы 71 жасты құраса, әйелдердікі 79,1 жасты құрады. Салыстыру үшін: ЭЫДҰ елдерінде бұл алшақтық 5-6 жылды құрайды.

Туу көрсеткіші өткен жылмен және 2023 жылға қарағанда төмен болды. Туудың жалпы коэффициенті ол кезде 1000 адамға шаққанда 19,52 туылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төмендеген (20,57).

 

Ұқсас материалдар