
stopfake.kz дерегінше, Facebook-те сауалнамадан өткеніңіз үшін танымал «Золотое яблоко» косметика және парфюмерия интернет-дүкенінен тегін заттар берілетіні туралы жарнама таралуда.
«Бейтаныс адам компания оның анасына қатысты әділетсіздік жасағаны үшін тегін өнім алудың «құпиясын» жария етпек. Бұл әдеттегідей алаяқтық схема», – деді мамандар.
Бұл ретте «Золотое яблоко» компаниясы өзінің ресми сайтында ескерту жариялады.
«Золотое яблоко» компаниясы ескертеді: барлық ресми онлайн-сатылымдар тек goldapple.kz сайтында және мобильді қосымшада ғана қолжетімді. Акциялар туралы ақпарат тек ресми дереккөздерде ғана жарияланады: сайтта, push-хабарламаларда, email-таратылымдарда және әлеуметтік желілерде. Ақпараттың шынайылығын қолдау қызметі немесе ресми аккаунттарға жеке хабарламалар жазу арқылы тексеруге болады», – делінген ақпаратта.
2025 жылдың қаңтарында клиенттер Қазақстандағы «Золотое яблоко» сатып алушыларына бағытталған бірнеше жаңа алдау схемалары туралы айтты:
- GoldAppleBOX Advent Calendar тапсырыс беру үшін біздің логотипіміз бар жалған сайттар. Біздің бьюти-бокстарымыз Қазақстанда әлі сатылып жатқан жоқ (бұл мүмкіндікті сәл кейінірек іске қосуға дайындалып жатырмыз). Мұндай сайттар бьюти-бокстар таратпайды, тек деректерді сұрап, картадан ақша ұрлайды;
- біздің атымыздан ұсынылған сауалнамадан өткеннен кейін «сыйлық алу» үшін карта нөмірін енгізу сұралады. Ақшаңыздан айырылып қалмас үшін олай жасамаңыз!»