Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықтан босатылды

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықтан босатылды

2026 жылдың қаңтар айының алғашқы он күнінде Қазақстанда 66 мың азамат өз қызметін заңдастырып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесін алды.

Бұл 1 қаңтардан бастап күшіне енген арнайы салық режимінің нәтижесі.

Жаңа режим бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жұмыс істеп келген азаматтарға арналған. Енді олар артық әкімшілік рәсімдерсіз, заңды түрде еңбек етіп, табысын рәсімдей алады.

Арнайы салық режимі келесі тұлғаларға қолданылады:

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендерге;

  • жалдамалы жұмысшыларды пайдаланбайтындарға;

  • Үкіметтің 2025 жылғы 21 қарашадағы №994 қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатындарға;

  • ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтын азаматтарға (2026 жылы – 1,3 млн теңгеге дейін).

Жаңа режимнің басты ерекшелігі – жеке табыс салығының нөлдік мөлшерлемесі. Яғни, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ЖТС төлемейді. Әлеуметтік төлемдер тек табыстың 4%-ын құрайды: міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және МӘМС әрқайсысы 1%-дан.

Сонымен қатар, бұл санаттағы азаматтар салық есебін тапсырудан босатылады. Барлық операциялар мен чектер “e-Salyq Business” мобильді қосымшасы арқылы автоматты түрде рәсімделеді. Ал интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтіндер үшін чектер мен әлеуметтік төлемдерді платформа операторы өзі есептеп, аударады.

Мамандардың айтуынша, бұл қадам көлеңкелі экономиканы азайтып, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын заңдастыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар