Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Қазақстандағы аукционда мұнай учаскелерінің жартысы Қытай компанияларына өтті

​Қазақстандағы аукционда мұнай учаскелерінің жартысы Қытай компанияларына өтті

2025 жылғы 28 мамырда ҚР Энергетика министрлігі мұнай барлау және өндіру құқығын беретін электронды аукцион өткізді.

Конкурс нәтижесінде төрт компания жеңімпаз атанды, олардың екеуі Қытаймен байланысты, деп хабарлайды "Нефть и Газ Казахстана" Telegram-арнасы.

Атап айтқанда, «Сарысу» учаскесі (Қызылорда және Түркістан облыстары) «EARTH OIL & GAS» ЖШС компаниясына берілді. Бұл серіктестіктің құрылтайшылары – Hong Kong Bai Li Oil & Gas Limited және Қазақстан азаматы Рамиль Кимуров.

Ал «Үстірт – 2» учаскесін (Маңғыстау облысы) Kazakhstan Dinghua Energy Co., Ltd. компаниясы иеленді. Ол Қытай азаматы Ли Цзе тарапынан құрылған.

Қазақстандық тараптан жеңімпаз атанғандар:

  • «Кокой» учаскесі (Жамбыл облысы) — «Taraz Petroleum» ЖШС;

  • «Жаркент» учаскесі (Жетісу және Алматы облыстары) — «Almaty Oil Ventures» ЖШС. Бұл компанияның құрылтайшылары қатарында Бекжан Сафинов (бұрынғы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Қанатбек Сафиновтың ұлы), Данияр Каулдашев және Tengri Partners (Kazakhstan) бар.

Сонымен қатар, бес учаске бойынша аукцион өтпеген деп танылды. Олар:

  • «Айыртау – ІІ (Шығыс)» (Атырау облысы)

  • «Тюбеджик (Қарақұм)» (Маңғыстау облысы)

  • «Оңтүстік-Гремячин» (Батыс Қазақстан облысы)

  • «Қаратұсай» (Ақтөбе облысы)

  • «Дарьинское» (Батыс Қазақстан облысы).

Ұқсас материалдар