Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеуші компания анықталды

Қазақстандағы ең ірі 30 салық төлеуші компания анықталды

Kursiv Media зерттеуіне сәйкес, Қазақстан бюджетінің негізгі бөлігін бұрынғыдай мұнай-газ секторы қалыптастырып отыр.

Дегенмен 2025 жылғы деректер қаржы және тау-кен металлургия салаларының да үлесі артып келе жатқанын көрсетті.

Рейтингтің көшін Теңізшевройл бастап тұр. Компания бюджетке 3,59 трлн теңге салық төлеген. Екінші орында Қарашығанак Петролеум Оперейтинг (937,8 млрд теңге).

Үздік үштікті мұнай емес, қаржы секторының өкілі – Қазақстан Халық Банкі (320,3 млрд теңге) түйіндеді. Сондай-ақ тізімде Kaspi Bank, Kaspi Дүкен және Банк ЦентрКредит бар.

Тау-кен секторынан Қазақмыс корпорациясы (310,5 млрд теңге) мен KAZ Minerals Aktogay (276,7 млрд теңге) жоғары орын алды. Сонымен қатар темекі өндірушілер – Джей Ти Ай Қазақстан және Филип Моррис Қазақстан да ірі салық төлеушілер қатарына енген.

Ұқсас материалдар