![Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері жарияланды](/uploads/posts/1739524876_9VL4vx5pUmrs0SMUc3A-Bn7xGtT0KvMK/image/post7.jpeg)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылды.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 445 мың адам.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 248 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 789 теңге, базалық зейнетақы – 47 459 теңге.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып ұлғайтылды.
Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.