Қазақстандық банк бизнеске арналған халықаралық экспресс-аударым қызметін іске қосты

Bereke Bank Орталық Азияда бірінші болып заңды тұлғаларға арналған халықаралық экспресс-аударым сервисін іске қосты.
Енді қазақстандық компаниялар Bereke Business интернет-банкингі арқылы USD және EUR валюталарында шетелдегі серіктестеріне жылдам әрі оңай ақша жібере алады.
Аударымдар 15 минуттан бастап жүзеге асырылады. Қызмет қауіпсіз, құжат талаптары жеңілдетілген, ал шарттар – ашық әрі түсінікті.
«Біздің мақсат – қазақстандық бизнесті қолдап, оларды жылдам әрі сенімді шешімдермен қамтамасыз ету. Mastercard-пен бірлесіп, халықаралық аударымдарды жеңіл әрі қолжетімді еттік», – дейді , Bereke Bank-тің цифрлық өнімдер жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Ақинбашина.
Bereke Business арқылы бизнес не істей алады?
- Шетелдік серіктестермен есеп айырысады;
- Жеткізушілерге төлем жібереді;
- Жедел халықаралық төлемдер жасайды.
Ақша жіберуге болатын елдер:
- B2B (компания → компания): Қытай, АҚШ, Эквадор және Еуропаның 35 елі (мысалы, Германия, Франция, Италия және т.б.)
- B2P (компания → жеке тұлға): АҚШ, Эквадор, Еуропаның 35 елі
Аударым лимиттері:
- Жеке тұлғаларға: 25 000 АҚШ долларына дейін
- Компанияларға: 100 000 АҚШ долларына дейін
Қызметтің 5 басты артықшылығы:
- Кей бағыттарда ақша бірден түседі
- Онлайн-аударымдар – кез келген жерден
- Географиясы кең – 40-тан астам ел, соның ішінде Еуропа, Қытай, АҚШ
- Mastercard – сенімді халықаралық төлем жүйесі
- Түсінікті тарифтер мен ашық шарттар
Bereke Business – бұл тек интернет-банкинг емес, кәсіпкерлерге арналған толыққанды цифрлық платформа. Қазір банк 100 мыңға жуық бизнес-клиентке қызмет көрсетеді.
Ал Mastercard жаһандық экономикада сенімді транзакциялар мен цифрлық төлемдер арқылы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.