
Өзбекстан Республикасының Орталық банкі "Еуразиялық банк" акционерлік қоғамының банктік қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясын қайтарып алды, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.
№ 22/1 қаулы 2025 жылдың 27 тамызында қабылданды. Бұл шешім банктің жарғылық капиталының мөлшері заңнаманың ең төменгі талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ банктік қызметті реттейтін басқа да міндетті нормалардың орындалмауына байланысты.
"Өзбекстан Республикасының Орталық банкі туралы", "Банктер және банктік қызмет туралы" заңдарына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес, банкке қатысты мәжбүрлеп тарату рәсімі басталды және тарату комиссиясы тағайындалды.
Осылайша, қазақстандық "Еуразиялық банкінің" филиалы Өзбекстан аумағындағы жұмысын тоқтатады.