Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандық банктер халыққа қандай депозит ұсынады?

Қазақстандық банктер халыққа қандай депозит ұсынады?
Бүгінде депозит ең танымал жинақ түрі. Осы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР ЕДБ-дағы бөлшек салымдардың көлемі 24 трлн теңгеден асып, бір жылда 21%-ға өсті.

Бүгінде жеке тұлғалардың депозиттері Қазақстан банктеріндегі барлық салымдардың 58%-ын құрайды.

Жинақ депозиттер Қазақстандағы ең тиімді депозитте саналады, бұл депозит түрі бойынша қаражатты шешіп алуды көзделмейді. Біз мөлшерлемесі ең жоғары депозиттерге шолу жасадық, атап айтқанда, толықтыруды қажет етпейтін жинақ депозиттеріне тоқталамыз.

Жалпы, Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 17-сі бөлшек депозиттерді ұсынады. 11 банкте жинақ депозиттерін толтыру мүмкіндігінсіз ашуға болады. Осы банктердің барлығында осындай ең тиімді «қысқа» депозиттерді 3 айға дейін аша аласыз.

Бұл тұрғыда ең жоғары СЖТМ-ны Home Credit Bank «Акциялық жинақтаушы» өнімі бойынша ұсынады: 18,5%. Бұл сегменттегі ең жақсы ұсыныс болып табылады.

Одан кейінгі орындарға Еуразиялық Банк (СЖТМ – 18,2%-ға дейін) және Altyn Bank (СЖТМ – 18%-ға дейін), сондай-ақ «Сәлем» өнімімен Bereke Bank (СЖТМ – 18%, мерзімі – 2 ай) жайғасты. Сегменттегі орташа жылдық тиімді мөлшерлеме 17,5%-ды құрайды.
Ең төменгі сомаға келетін болсақ, ол 1 мыңнан 500 мың теңгеге дейін өзгереді. Толығырақ өнім картасында берілген.

Ұқсас материалдар