
Күкірт негізгі экспорттық тауарлардың бірі және тыңайтқыш пен күкірт қышқылы өндірісінде және мұнай-химия саласында кеңінен қолданылады.
Бұл ресурстың биржалық саудасы бағаның ашықтығын арттырады және барлық ойыншылар үшін тең жағдайлары бар тұрақты нарықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгін «Каспий» тауар биржасында агроөнеркәсіптік және химиялық секторлар үшін стратегиялық маңызды өнім – техникалық түйіршіктелген күкірттің саудасы ұйымдастырылды.
«Қос аукцион режимінде күкірт саудасын бастау – бұл өнеркәсіптік тауарлардың биржалық саудасын дамытудағы маңызды қадам. Біз әрбір тауар адал және ашық сатылатын, ал өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі барлық нарық қатысушылары әділ бағаға тең қол жеткізе алатын инфрақұрылымды қалыптастыруды жалғастыра береміз», – деп атап өтті тауар биржасы президенті Мұрат Қадисов.