Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар цифрлық активтерді кепіл ретінде пайдалана алады

Қазақстандықтар цифрлық активтерді кепіл ретінде пайдалана алады

Қазақстанда банктер туралы жаңа заң жобасы аясында цифрлық қаржы активтерін заңнамалық түрде енгізу қарастырылып отыр.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, цифрлық активтер үш түрге бөлінеді:

  1. Стейблкоиндер – ақшамен қамтамасыз етілген цифрлық активтер;

  2. Цифрлық форматтағы дәстүрлі қаржы құралдары – мысалы, акциялар мен облигациялар;

  3. Токендендірілген қаржы құралдары – яғни арнайы цифрлық токен түрінде шығарылатын активтер.

Бұл жүйені іске асыру үшін арнайы цифрлық активтер операторлары мен сауда алаңдары құрылмақ.

Сонымен қатар, қаржы ұйымдарына цифрлық қаржы активтеріне белгілі бір шектеулер аясында инвестиция салуға рұқсат беріледі.

«Мұндай активтерді кредит беру кезінде кепіл мүлкі ретінде қолдану да қарастырылып жатыр. Алайда заңнамалық база әлі толық қалыптасу үстінде. Бұл норма заң қабылданғаннан кейін ғана нақты іске асады», – деді Мадина Әбілқасымова.

Ұқсас материалдар