
«Ашық НҚА» порталында Қазақстандағы барлық ұялы байланыс қолданушыларын қамтуы мүмкін заң жобасы пайда болды.
Құжатқа сәйкес, телекоммуникация қызметтерінің сапасын арттыру қорын құру ұсынылып отыр. Қор жыл сайын байланыс операторларының жылдық пайдасының 3%-ын жинайтын болады делінген. Негізгі мақсат интернетті жақсарту және телекоммуникация саласындағы азаматтардың құқықтарын қорғау деп жазылған. Десек те, заңгерлер мен сарапшылар операторлардың шығындары тұтынушылардың мойнына артылуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл өз кезегінде байланыс пен интернет құнының тағы қымбаттауына әкелуі мүмкін.