Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтардың мобильді аударымдары қыркүйектен бастап тексеріле бастайды

Қазақстандықтардың мобильді аударымдары қыркүйектен бастап тексеріле бастайды

2025 жылдың қыркүйегінен бастап кейбір мобильді аударымдар салық органдарының бақылауына ілігеді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

«Заң қабылданды, енді ол 60 күн ішінде күшіне енеді. Соған сәйкес біз нормативтік құжатты қабылдаймыз да, жұмыс істей бастаймыз. Қыркүйекте күшіне енеді», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, жеке адамдар арасындағы қалыпты аударымдар – мысалы, ата-анасы, баласы немесе туыстары арасында – салық бақылауына ілінбейді, тіпті олар миллиондаған теңге көлемінде болса да.

Бақылауға алынатын аударымдарға қатысты үш негізгі шарт бар:

  1. 100 түрлі адамнан аударым болуы керек;

  2. Бұл аударымдар қатарынан үш ай бойы бір адамға түссе;

  3. Жалпы сома 1 миллион теңгеден асуы тиіс.

«Үш шарттың үшеуі де қатар орындалғанда ғана бұл транзакциялар бақылауға алынады. Мақсат – кәсіби кәсіпкерлік қызметпен айналысып, бірақ оны тіркемей, салықтан жалтарғандарды анықтау», – деп түсіндірді Ержан Біржанов.

Салық органдары бұл механизмді кәсіпкерлік қызмет белгілері бар мобильді төлемдерді анықтау үшін пайдаланады. Қарапайым азаматтардың туыстарымен жасайтын қаржылық операциялары тексерілмейді.

Ұқсас материалдар