Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтарға артық төленген 1,6 млрд теңге қайтарылады

Қазақстандықтарға артық төленген 1,6 млрд теңге қайтарылады

Елімізде жылу үшін артық төленген қаражат тұрғындарға қайтарылады.

Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, қайта есептеу нәтижесінде қазақстандықтарға 1,55 млрд теңгеден астам қаражат беріледі.

Қаражат тұтынушылардың жеке шоттарына түсіп, жаңа жылыту маусымында аванс ретінде немесе 2025 жылдың соңына дейін қайтарылады.

Ең көп сома Қарағанды облысында – 457 млн теңге, Шығыс Қазақстанда – 257 млн теңге, ал Астанада – 224 млн теңге көлемінде қайтарылады. Алматы тұрғындарына шамамен 74 млн теңге өтелмек.

Шымкент пен Ұлытау облысында тариф қайта есептелмейді, себебі бұл өңірлерде тарифтер бастапқыда нақты ауа температурасына қарай белгіленген.

Комитеттің хабарлауынша, мұндай жұмыс тарифтердің ашықтығын арттырып, тұтынушылардың әділ төлем жасауына мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар