
Қазақстанның қаржы министрлігі былтыр бюджетке ең көп салық төлеген 50 компанияның тізімін жариялады.
«2024 жылғы түсімдерді талдау деректері бойынша министрлік бюджетке ең көп салық сомасын төлеген ТОП-50 салық төлеушінінің тізімін жасады», - деп жазды министрліктің ресми сайты.
Осылайша, 3 трлн теңге салық төлеген «Теңізшевройл» компаниясы ТОП-50 компанияның ең басында тұрса, 46 млн теңге салық төлеген «Қазхром» трансұлттық компаниясы» тізімді аяқтаған.
Осы елу компанияның толық тізімін қаржы министрлігінің сайтынан білуге болады.