Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов соңғы жылдары Қазақстанға инвестиция салып жатқан елдердің көшін қай мемлекеттер бастап тұрғанын айтты.
«Қазір Араб елдері белсенді. Мысалы, Қатар елі 18 млрд доллар инвестиция бағыттап отыр. Германия да жақсы, одан соң Қытай бар. Оңтүстік Корея үлкен автокөлік зауыттарын салып жатыр. Cондай-ақ, АҚШ, Ресей, Бельгия және Еуропаның басқа елдерін айтуға болады», – деді ол Жоғарғы сот ұйымдастырған инвестициялық форум алдында.
Комитет басшысы шетелдік инвесторларға қызықты салаларды да атап өтті.
«Бұл бірінші – пайдалы қазбалар саласы. Өйткені елімізде пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар. Оның ішінде сирек металдар да. Екінші сала – логистика. Бұл бағытта Қазақстанның әлеуеті өте үлкен. Еуропа-Қытай бағытын ерекше атауға болады. Біз осы дәлізді дамытып жатырмыз. Осы желімен млн тоннадан астам жүк өткен. Одан кейін қайта өңдеу саласы қызықты.Сол сияқты машина жасау саласында өсім бар. KIA-ның үлкен зауытынан бөлек, Skoda маркасының автомобильдерін құрастыратын зауыт Қостанайда салынып жатыр. Петропавл қаласында Claas компаниясы ауыл шаруашылығының үлкен техникасын шығаратын зауыт құрылуда. Франциялық компания теміржол локомотивін экспортқа шығара бастады. Одан кейін ауыл шаруашылығына, соның ішінде астықты терең өңдеуге қызығушылық көп», – деді СІМ өкілі.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025