Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан Еуропа мен Кипрге тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстаннан Еуропа мен Кипрге тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы әуе қатынасы кеңейіп, бірқатар жаңа тікелей рейстер іске қосылмақ.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы 31 мамырдан бастап польшалық LOT Polish Airlines Алматы – Варшава бағыты бойынша тікелей тұрақты рейсті іске қосты. Жазғы маусымда рейстер аптасына төрт рет, ал қысқы маусымда аптасына үш рет орындалмақ. Сонымен қатар компания Варшава – Астана бағыты бойынша да тұрақты рейстерді жалғастырады.

Министрлік өкілі бұл бағыттың ашылуы Қазақстан мен Польшаның көлік байланысын нығайтып, іскерлік және туристік қатынастарға серпін беретінін атап өтті.

Сондай-ақ 2026 жылғы 31 шілдеден бастап түркиялық SunExpress Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей рейстерді іске қосады. Бұл рейстер қазан айының соңына дейін аптасына екі рет орындалмақ.

Бұдан бөлек, Кипрге әуе қатынасы да кеңейеді. 2 маусымнан бастап Air Astana Астана – Ларнака бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындайды. Ал 4 маусымнан бастап Алматы – Ларнака бағыты ашылып, рейстер бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рет жүзеге асырылады.

Ресми өкілдің айтуынша, жаңа халықаралық бағыттар Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік байланыстарын дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін сапар мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етпек.

Ұқсас материалдар