Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады

Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады
Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Сингапур бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосады. Рейстер аптасына екі рет орындалады, деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті. 

Аталған рейстің ерекшелігі – қазақстандық әуе компаниясының Қытай аумағы арқылы транзитпен ұша отырып, «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдалануы. Яғни жолаушылар Қытайдың Санья қаласына дейін ұшып, одан әрі Сингапурға сапарын жалғастыра алады.

Осылайша, әуе компаниясы жолаушыларды тек Қазақстан мен Сингапур арасында ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Сингапур арасында да тасымалдауға мүмкіндік алады.
Қазақстан мен Сингапур арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, инвестициялық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кетейік, комитет бұған дейін Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін кеңейгені туралы хабарлаған еді. Қазақстан 32 елмен тікелей әуе қатынасына ие, ал авиациялық қауіпсіздік саласындағы ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті.

Бүгінде әуежайларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін Зайсан және Қатонқарағай аудандарында, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында жаңа әуежайлардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Ұқсас материалдар