Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстаннан Венгрияға тікелей рейс ашылады

Қазақстаннан Венгрияға тікелей рейс ашылады

Көлік министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 27 мамырынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.

«Рейстер «Boeing 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас материалдар