Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның автомобиль жасау саласы рекордтық өсім көрсетті

Қазақстанның автомобиль жасау саласы рекордтық өсім көрсетті

2025 жылы отандық автомобиль жасау саласы тарихи нәтижеге жетті.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бір айда 311,1 млрд теңгеге 22 580 техника өндіріліп, бұл ең жоғары айлық көрсеткіш болды. Өндіріс көлемі өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 25,5%-ға артты.

Өсімнің негізгі үлесін жеңіл автокөліктер құрады: бір айда 20 730 жеңіл көлік, сондай-ақ жүк көліктері, автобустар және арнайы техникалар шығарылды. Бұл Chery, Changan және Haval брендтерінің Қазақстанда жаппай өндірісінің іске қосылуымен байланысты.

Жыл басынан бері 11 айда 2,03 трлн теңгеге 146 163 техника өндіріліп, сала 15,7%-дық өсім көрсетті. Қазір автомобиль жасау машина жасау саласының 41,7%-ын құрап отыр.

Ұқсас материалдар