Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның минералдық қоры артып келеді: 5 жаңа кен орны анықталды

Қазақстанның минералдық қоры артып келеді: 5 жаңа кен орны анықталды

Қазақстанда геологиялық барлау нәтижесінде алғаш рет 5 жаңа кен орны мемлекеттік есепке қойылды.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясы барысында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес саланы жүйелі жаңғырту нәтижесінде бүгінде пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған. Биыл инвесторларға барлау жұмыстарына 707 лицензия, пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия берілген.

Геологиялық барлау қорытындысы бойынша елдегі қорлар шамамен 98 тонна алтынға, 36 мың тонна мысқа және 1,3 млн тоннадан астам фосфоритке артқан. Мемлекеттік есепке алынған жаңа кен орындары: Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр.

Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы геологиялық зерттелген жер көлемі 2 млн шаршы шақырымнан асты. 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,2 млн шаршы шақырымға жетпек. Қарағанды облысында сирек жер металдары бар перспективалы учаске анықталған.

Ұқсас материалдар