
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылым, индустрия және цифрландыру сияқты негізгі салалардағы серпінді жобаларды іске асыру үшін мемлекет пен ірі бизнес арасындағы берік әріптестікті жолға қоюдың маңыздылығына ұдайы назар аударып келеді, бұл елдің экономикалық өсуінің жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін қажет.
Жиналысқа қатысушылар жаһандық экономикалық сын-қатерлер жағдайында экономиканың тұрақты өсуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге күш-жігерді жұмылдыру қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте ірі салалар: мұнай-газ, тау-кен, қаржы, құрылыс және электр энергетикасы салалардың мүдделерін қорғайтын қауымдастықтар бар.
Алайда, даму қарқынын жеделдету және инвестициялық ахуалды айтарлықтай жақсарту үшін ел экономикасының жетекші салаларының күш-жігерін біріктіруге және жаңа форматта жұмыс істеуге қабілетті жаңа құрылым қажет. Осы орайда Болат Ақшолақов Қазақстан Республикасының Ұлттық инвесторлар қауымдастығын құруды ұсынды.
Бұл ұсынысқа қолдау білдірген KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялар жаңа ұйым бизнес пен мемлекеттің тиімді өзара іс-қимылы, ірі жобаларды үйлестіру және инвестициялар тарту үшін маңызды платформаға айналып, Қазақстанның орнықты экономикалық өсуі мен өркендеуін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады деп есептейді.