Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтағанымен, Қазақстанда жанармай тапшылығы болмайды.
Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары басталғанға дейін елде бензин мен дизель отынының 30 күндік қоры жасақталған. АМӨЗ жөндеу кезеңінде де өңірлерге жанармайды қалыпты режимде жөнелтуді жалғастырады.
Асхат Хасеновтың сөзінше, Атырау мұнай өңдеу зауыты еліміздегі жанармай өндірісінің шамамен үштен бірін қамтамасыз етеді. Алайда «ҚазМұнайГаз» тек мұнай өнімдерін өндіруге жауапты екенін, ал оларды нарыққа тарату ісімен өзге ұйымдар айналысатынын атап өтті.





