
Байланыс операторы 13 желтоқсанда 18 тарифтік жоспарды орта есеппен 400 теңгеге қымбаттатуы тиіс еді. 9 желтоқсан күні компания жоспарланған тариф бағасын өсіру туралы шешімін қайта қарағаны туралы хабарлады.
"Компания тарифтік саясат мәселелерін бейінді министрлік – ҚР ЦДАӨМ-мен талқылап, нәтижесінде қызметтердің құнын көтермеу туралы шешім қабылдады", деп жазылған Kcell-дің мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, компания қазіргі уақытта үнемдеу режимін күшейткенін атап өткен. "Бюджеттер қайта қаралуда, қосымша жобалар уақытша кейінге қалдырылып, операциялық шығындар оңтайландырылуда", деді компания.