Баспасөз қызметінің хабарлауынша құны 35,3 млрд теңгені құрайтын жоба заманауи өндіріс қалыптастыруды көздейді. Кәсіпорын іске қосылған жағдайда 450-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.
Қала әкімі Асхат Бердіханов құрылыс алаңына барып, инвестициялық жобаның жүзеге асу барысымен танысты. Кездесу барысында құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңі, инженерлік инфрақұрылымды тарту және нысанды қажетті коммуникациялармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Қазіргі таңда аумағы 31 гектар жер учаскесі толық қоршалып, жалпы аумағы 10 мың шаршы метр болатын тоңазытқыш қоймасы салынып жатыр.





