
2025-2027 жылдар аралығында Қазақстанда 1123 ауылдық елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қызметі жеткізіледі.
Бұл мақсатта Үкімет Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен 42 млрд теңге көлемінде қарыз алу жоспарланып отыр.
Жобаны қаржыландыру тең мөлшерде жүзеге асады: 50 пайыз қаржы халықаралық банк қаражаты болса, қалған 50 пайызы жеке серіктестердің инвестициясымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, бір кіші жобаға берілетін субсидияның ең жоғарғы көлемі 500 мың долларды құрайды.
Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік ауыл тұрғындарының білім алу, кәсіпкерлік және әлеуметтік қызметтерге қатысу мүмкіндігін арттырып, өңірлердің цифрлық дамуына серпін береді деп күтілуде.