Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үкімет басшысы Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Үкімет басшысы Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты министрлер кабинетін жинады. 

Ол мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізіп, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтерін тыңдады.

Сосын мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына Президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.

Ұқсас материалдар