Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үкімет геологиялық барлауға ауқымды инвестиция бөледі

Үкімет геологиялық барлауға ауқымды инвестиция бөледі

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын геологиялық зерттеудің жаңа кезеңіне кірісті.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жылда бұл бағытқа 240 млрд теңге бөлініп, кең ауқымды барлау жұмыстары жүргізіледі.

Жобалар аясында Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, сондай-ақ далалық жұмыстар кешені қамтылады. Өткен жылы 100 мың шаршы шақырым аумақта 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілімге арналған 20 жоба әзірленген. Бұл кеңес кезеңіндегі 1:200 000 масштабпен салыстырғанда әлдеқайда егжей-тегжейлі зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Үкімет мәліметінше, зерттеу учаскелері қорлардың сарқылуы, жер қойнауын пайдаланушылардың аздығы және пайдалы қазбаларға перспективалылығы ескеріле отырып іріктелген. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит және боксит бойынша әлеуеті жоғары аумақтар анықталған.

Сонымен қатар Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде мұнай-газға сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Геологиялық зертханалар жаңғыртылып, деректерді цифрландыру жұмыстары да қатар атқарылады.

Үкімет өкілдері бұл шаралар геологиялық болжамдардың дәлдігін арттырып, жеке инвестиция тартуға және жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас материалдар