Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үкімет сиыр етінің экспортын уақытша шектеуді жалғастырады

 Үкімет сиыр етінің экспортын уақытша шектеуді жалғастырады

Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін экспорттауға қатысты шектеуді тағы алты айға ұзарту жөніндегі бұйрық жобасын ашық талқылауға шығарды.

Құжатқа сәйкес, сиыр етін (жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған) үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізу көзделіп отыр. Бұл шешім Сыртқы сауда саясаты жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 18 желтоқсандағы шешімі негізінде қабылданған.

Министрлік бұл бастаманың мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және сиыр еті бағасын тұрақтандыру екенін атап өтті. Бұйрық қабылданған жағдайда, ол әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді деп көрсетілген.

Ұқсас материалдар