Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қоқысты бөлек жинау жүйесі енгізілуде: мектептерге экобокстар қойылады

Қоқысты бөлек жинау жүйесі енгізілуде: мектептерге экобокстар қойылады

Қазақстанда қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру бағытында жаңа шаралар қолға алынуда.

Ірі қалаларда пластик пен алюминийді қабылдайтын экобокстар мен фандоматтар орнатылып, тұрғындар тапсырған қалдықтары үшін бонуспен марапатталады. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскеменде 100-ден астам фандомат жұмыс істеп тұр.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебіне мыңнан аса экобокс қойылады. Министр бұл бастама полигонға түсетін қалдық көлемін азайтып қана қоймай, жас буынның экологиялық санасын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас материалдар