Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қолға алынған саяси реформалар қоғам тарапынан қолдау табуда – Ерлан Қарин

Қолға алынған саяси реформалар қоғам тарапынан қолдау табуда – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты. 

Елде жүзеге асырылып жатқан барлық реформалар мемлекеттілікті нығайтуға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

– Осы себепті де жүргізіліп жатқан саяси бағдар қоғам тарапынан кең қолдау табуда. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының деректеріне сүйенсек, азаматтардың 73,3 пайызы елдің даму бағытын оң бағаласа, Қоғамдық саясат институтының мәліметі бойынша бұл көрсеткіш 79,5 пайызға жетеді. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді, – деді Ерлан Қарин халықаралық форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Ұқсас материалдар