Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,44 теңгеге арзандады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 519,29 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 519 теңге. Еуро сатып алу бағамы – 609, сату құны –  611.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 522 теңге, сатып алу құны –  516 теңге. Еуро 605 теңгеден сатып алынып, 612 теңгеден сатылып жатыр. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,50 -6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 1 шілдеге ұсынған ресми бағамы – бір долларға 519,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 6,62 теңге. Еуро – 609,23

Ұқсас материалдар