Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қостанайда сүт-тауар фермасы іске қосылды

Қостанайда сүт-тауар фермасы іске қосылды

«Восток-1» сүт-тауар фермасы Солтүстік Қазақстан облысында жинақталған табысты тәжірибені кеңінен тарату бағдарламасының нәтижесі, деп хабарлайды ҚР АШМ.

Жалпы құны 6,2 млрд теңгені құрайтын бұл ферма жылына 9 700 тонна сүт өндіруді мақсат етеді. Ферманы жабдықтау шведтік DelavalExportab компаниясы шығарған «Карусель» типіндегі айналмалы сауу залын қамтиды. Сондай-ақ, «AGRAL FARM» ЖШС жеткізген қора жабдықтарын монтаждау аяқталса, бұзау қорасы мен төлдеу залына жабдық орнату жұмыстары әлі жалғасуда.

2024 жылы фермаға Даниядан Гольштейн-фриз тұқымының 400 бас құнажын әкелінсе, ағымдағы жылы тағы 800 бас әкелу жоспарланған. Алынған сүт «Милх» ЖШС кәсіпорнында өңделеді, қазіргі уақытта 373,7 тонна сүт сатылымға шықты.

2025 жылдың наурызында екінші қора мен бұзау алаңдарының құрылысы басталады. Каменскорал ауылында құны 4,3 млрд теңге болатын, 1,2 мың басқа арналған екінші сүт-тауар фермасы салынбақ, оны 2025 жылдың желтоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, 2028 жылға дейін Қостанай облысында 30 сүт-тауар фермасын құру көзделуде. Бұл сүт өндіруді жылына 150 мың тоннаға дейін арттырып, сүт өнімдерінің импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар