Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кредиттік нарық өзгереді: цифрлық активтер жаңа кепіл түріне айналуы мүмкін

 Кредиттік нарық өзгереді: цифрлық активтер жаңа кепіл түріне айналуы мүмкін

Astana Finance Day 2025 аясындағы панельдік сессияда Еуразиялық банктің төрағасы Ляззат Сатиева криптоактивтердің қазіргі қаржы экожүйесіндегі рөлі туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, бүгінде криптовалюта толыққанды қаржы инфрақұрылымына айналып, банктер үшін экономикалық тұрғыдан тиімді бағытқа айналған.

«Банктер криптоға сән үшін емес, экономикалық қажеттілікке байланысты кіріп жатыр. Әлемде JP Morgan, Morgan Stanley, Goldman Sachs секілді ірі ойыншылар криптоактивтердің қауіпсіз сақталуын қарастыруда», – деді ол.

Сатиеваның айтуынша, алдағы уақытта стейблкоиндер мен токенизация кеңінен дамып, банктер цифрлық активтерді кепілге қойып несие беруді бастайды. Ол криптовалютамен есеп айырысу да әдеттегі құбылысқа айналатынын болжайды.

АФК кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова да бұл пікірді қолдап, токендерді кепіл ретінде пайдалану мүмкін екенін айтты. Дегенмен ол цифрлық активтерді заңды тұрғыда есепке алу және өндіріп алу инфрақұрылымы әлі де қалыптасу кезеңінде екенін ескертті.

Қаржыгер Галим Хусаинов болса, кез келген құнды активтің ликвидті болатынын атап өтті. Оның айтуынша, орталық банктер шығаратын цифрлық валюталар қолма-қол және қолма-қолсыз төлемдермен қатар үшінші төлем түріне айналады. Бұл банктерге несиелердің мақсатты жұмсалуын бақылауды жеңілдетіп, тәуекелдерді азайтады.

Ұқсас материалдар