
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, Қазақстанда бүгін ресми түрде 75 майнер тіркелген.
Кейінгі 3 жылда олардың қызметтерінен түсуі тиіс салық көлемі 17,7 млрд теңгені құрады. Соның ішінде цифрлық майнинг үшін төлемдер 11,6 млрд теңге болды.
«2024 жылғы салықтық тексерулер кезінде біршама кемшіліктер анықталып, тағы 4,9 млрд теңге салық төленді. Олардың 2,3 млрд теңгесі цифрлік майнинг үшін, ал 2,6 млрд теңгесі корпоративті кіріс салығына кіреді», – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Сонымен қатар цифрлық майнинг үшін төлемдерге жүргізілген камералдық бақылау барысында бюджетке қосымша 451 млн теңге түсті.
«Аталғандармен қоса криптовалюта сатқан азаматтардың кірістерін азайтып көрсету жағдайлары анықталды. Нәтижесінде оларға 4,3 млрд теңгеге қосымша салық салынды», – деп мәлім етті ведомство өкілдері.