Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ҚТЖ БАӘ мен неміс банкінен қарыз алды

ҚТЖ БАӘ мен неміс банкінен қарыз алды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Abu Dhabi Commercial Bank және Deutsche Bank-тен 3 жыл мерзімге 480 млн швейцариялық франк (323 млдр 520 млн теңге) қарыз алды.

Компания қарызды Президент Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтардағы Трансқазақстандық теміржол дәлізін жедел дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында алғанын айтады.

«Мемлекет басшысы «Мойынты – Қызылжар» желісі құрылысын жандандырудың, инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелген учаскелерін жаңғыртудың және елдің транзиттік әлеуетін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Синдикатталған қарыз қаражаты «Мойынты – Қызылжар» учаскесін салуды, теміржол желісінің шамадан тыс жүктелген учаскелерін жаңғыртуды қоса алғанда, Трансқазақстандық теміржол дәлізінің негізгі жобаларын аванстық қаржыландыруға, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бұрын тартылған міндеттемелерін қайта қаржыландыруға бағытталатын болады», – делінген  хабарламада.  

ҚТЖ трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту Қазақстанның Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі ұстанымын нығайту үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өткен.

Дәліз шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқартуға, логистикалық шығындарды азайтуға, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға және сыртқы сауда маршруттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Ұқсас материалдар