Жаңалықтар
Қуаныш Бишімов Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып тағайындалды

Жаңа бас директорды кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Аппарат басшысы Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы таныстырды.
Қ.Бишімов әр жылдары кеден органдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв»РМК-да жұмыс істеді. «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
Бұл тағайындауға дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры болды.
ҚМГ басшылығы Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа бас директорының алдына операциялық тиімділікті арттыру, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемін ұлғайту, өндірістік процестердің сенімділігі мен энергия тиімділігі деңгейін арттыру, экологиялық жобаларды одан әрі іске асыру, 2025 жылы жоспарлы алдын алу жұмыстарын сапалы жүргізу және қызметкерлерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жөнінде нақты міндеттер қойды. Зауыттың тұрақты және үздіксіз жұмысының маңызы атап өтілді.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес, «АМӨЗ» ЖШС бұрынғы бас директоры (Басқарма төрағасы) Ғалымжан Омарұлы Жусанбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.