ҚТЖ деректері бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен 25 желтоқсанына дейін 3,7 млн тонна жаңа дақыл экспортталды, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 54% - ға жоғары (2,4 млн тонна), деп хабарлады Ауылшаруашылығы министрлігі.
Өзбекстанға экспорттың өсуі 44% (994 мың тоннадан 1 427 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға - 53% (385 мың тоннадан 589 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға - 52% (120 мың тоннадан 182 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға - 22% (59 мың тоннадан 72 мың тоннаға дейін), Иранға экспорт (Ақтау порты арқылы) 30,2 есеге, 14 мың тоннадан 435 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұл елдерге жл сайын қазақстандық экспорттың 50-56%-ы жөнелтіледі.
Жалпы, ағымдағы жылдың 11 айында 9,2 млн.тонна астық жүктері тасымалданды, оның ішінде ішкі қатынастар бойынша 2,2 млн. тонна және экспортқа 7 млн. тонна.
23 қазандағы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаға бағаланатынын мәлімдеген. Оның 7,5 млн тоннасы бидайға, 1,4 млн тоннасы арпаға, 300 мың тоннасы жүгеріге тиесілі. Майлы дақылдар бойынша әлеует 1 млн тоннадан асады деп бағаланады.