Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай көлік-логистикалық хаб құрылысына 1 млрд юань бөледі

Қытай көлік-логистикалық хаб құрылысына 1 млрд юань бөледі

Қытай Алматы агломерациясында көлік-логистикалық хаб құрылысына инвестиция салып жатыр.

2025 жылғы 19 ақпанда Үрімші қаласында ҚКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР ШҰАА Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырза мен «ҚТЖ» АҚ басқарма төрағасы Н. Е.Сауранбаев кездесті. 

Ма Синжуй мырза ҚР мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалының тұрақты өсіп жатқанын айтты.  Оның көлемі 2024 жылы рекордтық деңгейге – 32 млн тоннаға жеткен. 

Кездесуде 2025-2026 жылдарға арналған жоспар белгіленді. Мысалы Алматы агломерациясында көлік-логистикалық хаб құру, Достық-Алашаңқай шекаралық өткелін дамыту және Бақты-Аягөз теміржол желісі құрылысын жедел іске асыру жұмыстары. Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау мәселелерін жалпы үйлестіру үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен аралас комиссия құру қажеттілігі айтылды. 

 Кеңесте ШҰАА басшылығы Қазақстанда көлік-логистикалық хаб құрылысына 1 млрд юань инвестициялау туралы шешім қабылдады.

Барлық талқыланған мәселелер бойынша жауапты тұлғалар тағайындалды және іске асырудың қысқа мерзімдері анықталды.

Ұқсас материалдар