Қытай спутниктік интернетке арналған жаңа жерсерікті орбитаға шығарды
Қытай 31 мамыр күні спутниктік интернет технологияларын дамытуға және сынақтан өткізуге арналған жаңа тәжірибелік жерсерікті сәтті ұшырды.
Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Жерсерік Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орналасқан Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақыты бойынша сағат 02:07-де ұшырылған.
Ұшыру барысында «Чанчжэн-2D» тасымалдаушы зымыраны пайдаланылды. Жерсерік жоспарланған орбитаға сәтті жеткізілген.
Жоба жаңа байланыс технологияларын сынауға және олардың тиімділігін бағалауға бағытталған. Негізгі мақсаттардың бірі – ұялы телефондарды жерсерік арқылы тікелей кең жолақты интернетке қосу мүмкіндігін зерттеу.
Сонымен қатар мамандар жерүсті байланыс желілері мен ғарыштық жүйелерді біріктіру технологияларын да сынақтан өткізеді.
Айта кетейік, бұл ұшырылым «Чанчжэн» зымырандар сериясындағы 646-миссия ретінде тіркелді.





