Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытайда Қазақстанға экспортталатын магистральдық жүк тепловозы конвейерден шықты

Қытайда Қазақстанға экспортталатын магистральдық жүк тепловозы конвейерден шықты

Шаньдун провинциясындағы Далянь қаласында Қазақстанға экспорттқа шыққалы тұрған магистральдық жүк тепловозы конвейерден шықты.

Жаңа локомотивтің ең жоғары жылдамдығы сағатына 120 шақырымға дейін жетеді. Бұл тепловоз суық климаттық жағдайларда жұмыс істеуге арналған. Яғни,  жоғары аязға төзімділігі, жел мен құмнан қорғайтыны, қуатты тарту күшімен танымал бұл жүк тепловозы экологиялық тазалығы және интеллектуалдылығымен ерекшеленеді. Өнімділік көрсеткіші жағынан    тепловоз халықаралық озық деңгейге сәйкес келеді.

Биыл ақпанда «Қазақстан темір жолы» көлік-логистикалық холдингі мен Қытайдың CRRC Dalian компаниясы 100 магистральдық жүк тепловозын сатып алу туралы келісімшартқа қол қойған болатын.

Бұл – екі ел арасында теміржол көлігі саласында қол қойылған ең ірі тапсырыс. Айта кету керек, конвейерден шыққан алғашқы тепловоз Қазақстанның Достық теміржол станциясына желтоқсан айының ортасына дейін жетеді деп күтілуде.

Ұқсас материалдар