
Қытайлық компания тағы бір күн электр станциясын Шиелі ауданында салып жатыр.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, жобаның қуаттылығы – 40 МВт, жоба құны – 11,5 млрд теңге. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде бұл мақсатқа 80 гектар жер берілген.
«Жоба бастамашысының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта құрылыс жұмысының 80%-ы аяқталған. Станцияны тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Сол кезде жергілікті тұрғындар үшін 20 жаңа жұмыс орнын ашылмақ», – делінген хабарламада.