Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Лизингке алған автокөлікті кері қайтаруға бола ма?

Лизингке алған автокөлікті кері қайтаруға бола ма?

Қазақстанда азаматтарға жаңа көлікті лизингке алып, кейін оны толық сатып алу немесе кері қайтару мүмкіндігі ұсынылады.

Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков хабарлады.

Вице-министрдің айтуынша, жаңартылған ішкі сауда қағидалары жеке тұлғаларға автолизинг рәсімдеуге рұқсат береді және барлық процесс азаматтық заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Пайыздық мөлшерлемелер мен төлем шарттарын әр автосалон мен лизингтік компания өз бетінше белгілейді.

Әбілдабеков бұл тетік халыққа жаңа көлікті сатып алудың қосымша мүмкіндігін беретінін, ал отандық өндірушілер үшін сату нарығын кеңейтетінін атап өтті.

Ұқсас материалдар