
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қостанай қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының №2 бұйрығына сәйкес «Ломбард Astana Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан (ломбардтық қызмет) айырылды.
Лицензиядан айыруға қатарынан күнтізбелік 6 ай ішінде қызметін жүзеге асырмау негіз болды.
Микроқаржы қызметін (ломбард қызметін) жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін толық көлемде орындау міндетінен босатпайды.
Қарыз алушылар микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес компания алдындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапты болады.