Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Лондон әлемдік қалалар рейтингін бастап тұр

Лондон әлемдік қалалар рейтингін бастап тұр

Лондон консалтингтік Brand Finance компаниясы құрастырған әлемдік қалалар брендтері рейтингіндегі көшбасшылығын тағы да сақтап қалды.

Британ астанасы 100 мүмкін ұпайдан 90,9 ұпай жинады.

«Лондон әлемнің ең үздік қалалық бренді ретінде өзінің күшті халықаралық ықпалымен, бай мәдени ерекшелігімен және танымал оқу орындарымен жарқырап тұр», – деді Brand Finance компаниясының бас директоры және басқарма төрағасы Дэвид Хейг.

 «Дегенмен, оның имиджіне баға деңгейі мен бюрократия деңгейі сияқты мәселелер әсер етеді. Оның ішінде Британияның ЕО-дан шыққаннан кейін виза алудағы қиындықтарды да қоса кеткен жөн.

Үштік көшбасшылардың қалған орындары өзгеріссіз қалды. Нью-Йорк – 89,8 ұпаймен екінші орынды, ал Париж – 87,8 ұпаймен үшінші орынды иеленді.

Бұл жолы бесінші орынды Лос-Анджелес пен Сиднейдің орнына Токио мен Дубай жайғасты.

Рейтинг жасаушылар «Мәдениет және мұра» кіші санатында еуропалық қалалардың басымдығын да атап өтті. Мұнда алғашқы 20 орынды алғандардың 17-сі еуропалық қалалар болды, оның ішінде алғашқы бестікке (Париж, Рим, Лондон, Вена, Милан) түгелдей еуропалық қалалар енді.

Рейтинг 20 елден 15 мыңнан астам адамның сауалнамасы негізінде жасалды. 

Ұқсас материалдар