Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

LRT-ны іске қосу тағы бір жылға кешігеді

LRT-ны іске қосу тағы бір жылға кешігеді
 Вице-премьер Роман Скляр LRT қашан қосылатынын айтып берді.

Бұған дейін CTS басшысы Асылбек Дүйсенбаев іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланғанын мәлімдесе, Скляр  2026 жылдың соңында іске қосып, сынап көретіндерін айтты. 

«Келесі жылдың соңында сынақ түрінде іске қосу басталатынына толық сенімдімін. Жолаушылар да жүреді», – деді Роман Скляр Ақорда дәлізінде.

LRT желісі 18 станциядан тұрады. Соның 11-і жер үсті, ал жетеуі жер асты. LRT іске қосылмаса да, Астанада жеңіл рельсті көлікті (LRT) басқару үшін диспетчерлер жұмысқа қабылдана бастады.  

LRT ісі бойынша Түркияда ұсталған Талғат Ардан жақын күндері Қазақстанға экстрадициялануы тиіс.  Ол тергеу барысында Иманғали Тасмағамбетовке қатысты айғақ беруі мүмкін. 

Ұқсас материалдар